–Кептеліс болып тұрған ғой. Содан кейін алдымда машина тұрған. Бір кезде қарасақ артымыздан мына автобус бәрін түйіп келе жатыр. Мына автобус тұрып қалды абырой болғанда.
Оқыс оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында жұрт жұмыстан қайтқан сәтте болыпты. Ауруханаға түскен 19 адамның екеуі бала. Соққыдан автобустың есігі ашылмай қалса керек. Қайта, жолай өтіп бара жатқан жүргізушілер қоғамдық көлік ішінен зардап шеккендерді шығарып алған. Қазір, осы жағдай үшін айыпталған 45 жастағы автобус жүргізушісі тергеушілерге жауап беріп жатыр. Ал дәрігерлер адамдардың мұндай апаттан аман қалғаны таңғаларлық жағдай дейді.
Loading...