Жалпы, Шымкентте той болса лимузин жалдап, артына ондаған машинамен бірнеше сағат тек көше аралау жазылмаған заңға айналған. Бірақ, сол кортеж көбіне көшеде өзгелерге едәуір қиындық тудырады. Әсіресе демалыс күндері қаланың орталық жолдарымен жүру мұң болды деген жүргізушілер полицейлерге мұндай бассыздықты тоқтатсын деп талап етіп отыр.
Мақсат Жақсыбайұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:
-Жолдың бәрін жауып тастайды. Осы 4 жолақ болатын болса төртеуінде де жүреді.Төртеуін де жауып тастайды. Кортеж. Осы жолда ирек қылып, қорқасың осы. Басып озуға қорқасың. Ішіп алған біреу болса бітті. Сенің өмірің қауіп-қатердің тура ортасында.
Loading...