Шымкентте Тоқтар Төлешовті тағы соттағалы жатыр

Төлешовке Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, ол салық төлеуден жалтарып, бухгалтерлік есеп-қисапты қолдан жасаған, қаржылық есеп беру кезінде заңсыздықтарға барған, ірі көлемде пара берген деп айыпталуда.

Төлешовтен бөлек тағы 8 адам сотталып жатыр. Олардың үшеуі әйел азаматтар. Араларында Сыра зауытының бұрынғы қызметкерлері және ірі көлемде пара алды деп айыпталып жатқан шенеуніктер де бар.

Сот отырысына Тоқтар Төлешовтің өзі де қатысады. Процесс ашық түрде, орыс тілінде өтетін болады.


Еске салайық, мемлекетте төңкеріс жасап, билікті тартып алмақ болғаны үшін "Шымкентсыра" АҚ-ның бұрынғы директоры Тоқтар Төлешов былтыр 21 жылға сотталған болатын. Оған сондай-ақ, адам өлтірді, адам ұрлады, қарақшылықпен айналысып, қару-жарақ сақтады деген секілді ауыр айыптар да тағылды.