"Кеше кешкі сағат 7-де біздің ауруханаға көмірқышқыл газынан уланған үш адамды жеткізді, бір адам оқиға орнында қаза тапқан",- деді Ю.Щерба. Оның айтуынша, зардап шеккендерді қаладағы бір саунаның аумағынан жеткізген. Олардың бәрі де Төле би ауданының тұрғындары. 51, 44 және 43 жастағы бұл адамдар бірге саунада демалған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп саналуда.
Қарқынды медициналық көмектен кейін олар бүгін үйлеріне жіберілді.
Дәрігердің пікірінше, зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген жағдайда улану салдары мұндай ауыр болмас еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті