Спартакиадаға аймақтық жарыстарда жеңімпаз атанған төрт команда қатысуда. «Олар - Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының командалары, барлығы 80 спортшы», - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Арман Әсібеков.
Екі күнге созылатын жарыстың барысында командалар жеңіл атлетика, шағын футбол, армреслинг және кір тасын көтеру сияқты спорт түрлері бойынша күш сынасады.
Жарыс қорытындысы ертең, шілденің 30-ы күні кешке шығарылады.