Шымкентте трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі сотталды

Үш ер адам 12,5 жылға, тағы үшеуі 16 жылға бас бостандығынан айырылды.  «Олар криминал әлемінің беделдісі Ташкенттік Жора  басқаратын тарнсұлттық топты қаржыландырған. Олар бұдан бұрын қарақшылық немесе ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталған», - деп хабарлады судья Мадалиев.

Белгілі болғандай, сотталушылар бұрын спортшылар болған, әр жылдары Қазақстанның күрес бойынша чемпиондары. Алғашқы мерзімін өтеген кезде криминал беделділері болған. Мекеме бақылаушы Мақсат Қабылбаевты қылмыс атаманы ретінде танымал Ташкенттік Жора өзі тағайындаған. Зонада ойын бизнесін жүргізген. Олар түнде ақшаға  карта, нарда, шахмат ойнап, спорт жарыстарын өткізген.

«Жарыста жеңгені ұтыстың 30 пайызын аударуы тиіс. Ақша аударымына туыстары мен таныстары көмектескен. 2014 жылғы маусымда ұрылар қазынасында 8,5 млн. теңге жиналған. Оның 6 млн. теңгесі, тергеу барысында анықталғандай, Мәскеудегі делдалға аударылған. Ақшаны жіберген сәтте аударымды растайтын құжаттармен делдалдардың бірі ұсталды», - деді судья.

Осының бәрі заттай айғақ болды. Олар ақша аударымы туралы ұялы телефон арқылы еркін келіссөз жүргізген. Ол кезде телефонға тыйым болатын. Қазір ақша аударуға көмектескен сенімді тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Ресей ФҚҚ қызметкерлері Шымкенттен ақша аударып, Ташкенттік Жораға берген адамның кім екенін анықтап жатыр.