Шымкентте түнгі клуб маңында 23 жастағы жігітті атып кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша банкет қонақтары арасында келіспеушілік болған. Төбелес кезінде жас жігіттің басына оқ тиген. Оқиғаның нақты қалай өрбігені кейінірек мәлім болады.

Қонақтар мен клуб қызметкерлерін Еңбекші полициясы тергеуге шақырды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Жексенбі күні мейрамхана жабылды.