Шымкентте Тұрағұл Құнанбаевқа ескерткіш ашылды

“Ол даланың ең бір білімдар ұлы болған, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін білген. Шығыс пен Ресейдің ақын, жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған”,- деді ескерткіштің ашылуында сөйлеген сөзінде Абай поэзиясын пір тұтатындардың халықаралық клубының төрағасы, жазушы Роллан Сейсенбаев.

Ескерткіш Абай атындағы саябақта орнатылды. Онда қазақтың ұлы ақынына арналған ескерткіш те бар. Салтанатты шараға Тұрағұлдың немересі Ләйлә Мұхамеджанова балаларымен бірге, сондай-ақ, қала және облыс басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.

Тұрағұл Құнанбаев 1928-жылы сотталып, отбасымен бірге Сырдария округіне жер аударылған. Ол 1934-жылы Шымкентте қайтыс болды. Оның бейіті сақталмаған.