Шымкентте тұрғын үйден 2 әйел өлі табылды

Тұрғын үйден 58 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз өлі табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша олар газдан уланып, қайтыс болған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Оtyrar.kzсайтына сілтеме жасап.


Апат бригадасы газ құбыры мен газ аспаптарын құру дұрыс жүргізілмегенін анықтады. Жуынатын бөлмеде қолдан жасалған жылыту қазандығы орнатылған.