Шымкентте тұрғындар құтырған иттерге таланып жатыр

Мына азамат ауруханаға екі күн бұрын түскен. Жұмыстан келе жатқан кезде аузынан көбігі аққан көршінің төбеті ағаш қабырғаны құлата бас салған. Енді аяқ-қолы мен басы тыртықтан көрінбейді. Дәрігерлер күз бен көктем мезгілінде құтырған жануарлардан жапа шегіп түсетіндердің саны күрт артатынын айтады. Ал, ветеринарлар құтырған ит-құсты ату үшін 6 миллион теңге қажет деп отыр. Жыл басынан бері төбетке таланып ауруханаға түскендер саны 3 жарым мыңнан асып жығылған. Арасында тіпті жабайы шошқаға таланғандар да болыпты. Дәрігерлер болса дер кезінде емделмесе бұл аурудан өліп кету әбден мүмкін дейді.


Мұхан Өтекеев, хирург:

- Қазан айында 300 науқас қаралған. Оның 180-і   иесі бар иттерден  зардап шексе, қалғаны иесіз жануарлардан зардап шеккен. Және де науқастардың көбі  екпелерді аяғына дейін алмай емді орта жолда қалдырып кетіп жатыр.