"Біз нанды 60 дүкенде 29 теңгемен сатудамыз, ал ұнды тек жалғыз жерден сатып алуға болады",- деді К. Жакашева.
"Алтын Дән" фирмасы нанды жеңілдетілген бағамен шығаруда. Нан өндірушілер нанды өздерімен келісім шарт жасасқан 60 дүкенге тасымалдауда. Тұрмысы төмен отбасылар тұрғылықты тұратын жерлері бойынша нанды 29 теңгемен сатып ала алады",- деп түсіндірді К. Жакашева.
Оның хабарлауынша, жеңілдік көрсетілетіндердің тізімі жасалынған және де өнім сатушыларға ұсынылған. "Нан мен ұнды жеңілдетілген бағамен тек тұрмысы төмен отбасылар ғана сатып ала алады. Шымкентте мұндай 4200 отбасы немесе 19 мыңға жуық адам тұрады",- деп хабарлады К. Жакашев.
Бөлім меңгерушісі орынбасарының айтуынша, тұрмысы төмен отбасылар 50 кг бір қап ұнды 2500 теңгемен (нарықтағы бағасы 3500-3800 теңге) тек жалғыз жерден сатып ала алады. К. Жакашеваның хабарлауынша, бөлім қызметкерлері ұнды ахуалы нашар адамдарға өз көліктерімен жеткізіп беруде. Бұл негізінен мүгедектер мен қарт адамдар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті