ОҚО соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласының Абай аудандық соты қалалық ІІБ айдауыл ротасының үш қызметкерін 2 жыл 8 ай мен 3 жылға бас бостандығынан айырды және шенінен айырды.
Бұрын хабарланғандай, рота сержанты мен қос аға сержант биылғы ақпан айында құрықталған болатын. Олар мемлекеттің қомақты қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауда отырған азаматты бірден оқшаулағышқа жеткізбей, туыстарының үйіне апарғаны үшін айыпты деп танылды.