Шымкентте тұтынушылардың 30% астамы жылусыз қалды

Бүгін таңертең Әдірбеков пен Төреқұлов көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм-лік жер асты жылу трассасы жарылды. Апат болған жерде бу атқылап, ыстық су арықтар мен жолдың бетін жайлап алды. Қазір ыстық су жіберу тоқтатылып, апаттық бригадалар құбырдың жарылған жерін табу үшін жерді қазып жатыр.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, жылу трассасының осы тармағымен ыстық су жіберуді тоқтату салдарынан тұтынушылардың үштен бір бөлігі, соның ішінде ықшамаудандар жылусыз қалды.

"Басқа көздерге қосу жүргізіліп жатуға байланысты дәл қанша үй уақытша жылу ала алмайтынын әзірге айтуға болмайды. Қаланың орталығын біз жаңа трассаның оңтүстік жағынан және РК-2 жағынан жылытудамыз. Сол себепті қазір нақты режим әлі де белгісіз, біз жылу ағымдарын үйлерге таратумен шұғылданудамыз", -деді облыстық энергетика департаментінің бас маманы Татьяна Зорина.