Баспасөз қызметінің хабарлауынша, наурыздың 31-нде ОҚО ҰҚКД оперативті тобы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Кошиков" қылмыстық тобының бір мүшесін қолға түсіреді. Арнайы қызмет деректері юойынша, ол халықаралық автобустардың жүргізушілерінен ақша сыпырып алып отырған.
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, қолға түскен кезде қылмыскерден тапанша мен автокөлігінде екі шолақ мылтық табылған.
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ішкі істер департаментінің тергеу бөлімі қолға түсірген қылмыскерге қарсы қаруды заңсыз ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті