Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kzбасылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ойын 24 тамызда өтті. Есеп 2:2 болғандықтан, бас төрешіні Болат Сариев матчтың 96-шы минутында, "Шахтер" қақпасына пенальтти орындатты. Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар Сариевті қоршап алды. Ұлттық гвардия жауынгерлеріне оны қорғауға тура келді. 

"Ордабасының" хавбегі Абдулаи Диакате пенальтиді матчтың 100-ші минутында орындады. Есеп 3:2 болып ауысып, командаға жеңіс әкелді.