Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумағынан айыпкер қашып кетті

"Есірткі бизнесіне байланысты ұсталған Сайрам ауданының 36 жастағы тұрғыны департамент аумағынан қашып кетті",- делінген хабарламады. Оқиғаның мән-жайы айтылмаған.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары облыс тұрғындарынан қашқының жүрген жері туралы кез-келген ақпарат беруді сұрап, ақпараттың құпиялығы сақтауға және сыйақы бөлуге уәде беріп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті