Шымкентте Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкерінің үстінен сот процессі басталды

Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, биылғы шілде айында Өзбекстанның екі азаматшасы 5 мың АҚШ долларына Түркияда сатып алынған жалпы салмағы 236 грамм алтын бұйымдарды Шымкент арқылы транзитті Саманқанд қаласына апара жатқан . Саудагер әйелдердің қолында бағалы бұйымдарды тасымалдауға заңды толтырылған кедендік декларациясы мен құжаттарының болғанына қарамастан ҰҚКД-нің қызметкері мен оның шаттан тыс көмекшісі әйелдерді тұтқындаған. Әйелдерді штаттан тыс қызметкердің үйіне әкеліп 7 сағат бойы заңсыз қамауда ұстаған әлгілер тартып алынған алтын бұйымдарды кері қайтару төлеміне 5 мың доллар талап етеді. Осыншама соманы жинап әкелеміз деп уәде бергеннен кейін әйелдер босатылады.

Айыпкерлерді Шымкент полициясының 3-бөлімінің қызметкерлері қала орталығында 800 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсірді.