"Бізде қазір уақытша ұн жоқ, себебі біз көлікті ұнға жібердік, олар ұнды түстен кейін жеткізуге уәде беріп отыр",- деп мәлім етті журналистерге жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Күләш Жақашева.
Журналистер бүгін таңертең сату пунктінің маңында болып, ұнның жоқтығын, ал кезектегі адмадардың саны жүзден асып жығылатынын байқаған. "Міне, екінші апта бойы келіп, күн сайын ұнсыз қайтамыз",- деді әйелдердің бірі. Кезекте тұрған адамдардың айтуынша, ұн 11-қазаннан бері жеткізілмеген.
К. Жақашеваның хабарлауынша, әлеуметтік қамтамасыз ету тізімі бойынша 640 адам ұнмен қамтамасыз етілген. Жеңілдетілген бағамен ұн және нан сатып алтын тұрмысы төмендердің тізіміне барлығы 4200 отбасы кірген.
Бұрын хабарлағанымыздай, нан бағасының қымбаттауына байланысты Шымкентте жергілікті билік өкілдері тұрмысы төмен отбасыларына 50 кг бір қап ұнды 2500 теңгемен сату бағдарламасы туралы жария еткен болатын. Тұрмысы төмендер ұнды тек жалғыз жерден - қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің жанынан ғана сатып ала алады.
" Шымкенттегі наубайханалар өздерінің тұрмысы төмен тұрғындарына нанды орташа 29-30 теңгемен жеткізеді, жеңілдетілген бағамен күн сайын бес мыңға дейін нан сатылатын болады",- деп мәлім етті баспасөз мәслихатында жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы Жеңісбек Мәуленқұлов.
Қалалық жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы өз кезегінде, өздерінің 60 дүкенмен келісім шарт жасасқандығын, тұрмысы төмен адамдардың тізімі аталмыш дүкендерге берілгендігін мәлім еткен болатын.
Бірақ бүгін журналистер тексеру жүргізу барысында аталған дүкендердің бір де біреуінен арзан бағамен сатылатын нанды кезіктіре алмаған. Сонымен қатар, сауда орындарының иелері тұрмысы төмен отбасыларын қамтамасыз ету туралы естімеген, және де ешқандай жеңілдік көрсетілетін адамдардың тізімін көрмеген де.
"Бізге нанды "Алтын дән" фирмасы 29 теңгемен тасымалдайды. Олар бізге үстіне көп қоспау шартын қойған. Біз үш теңгеден қосамыз, бірақ бізде тұрмысы төмендердің ешқандай тізімі жоқ, және де нанды біз еркін сатудамыз",- деп хабарлады агенттік тілшісіне "Карина" дүкенінің сатушысы. Ол сондай-ақ, "бұл нан өте жеңіл және онша дәмді емес, сондықтан да көп сұранысқа ие емес",- деп қосты ол.
Журналистер, кейбір дүкендерді ғана "әлеуметтік" нан бағасы 32 теңгені құрайтындығына, ал қала ортасында бір бөлке нанның бағасы 35-40 теңгеге парапар екендігіне көз жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті