Шымкентте ҰҚКД бұрынғы қызметкері педофилие үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

"Айыпталушы сот шешімімен қатаң режимде тоғыз жыл бас бостандығынан айырылды",- деп хабардар етті Нұрлан Әбдіраманов.

Бұрын хабарлағанымыздай, тамыз айының соңында Шымкентте 30 жастағы жігіт жеті жасар екі қызды жертөлеге алдап апарып, онда порнографиялық суреттер мен өзінің жалаңаш денесін көрсеткені үшін ұсталған болатын. Алғашқыда ұсталған азаматтың әрекеттері жасөспірімдерді пәктік жолынан тайдыру ретінде квалификацияланған болатын.

Бірақ, Нұрлан Әбдірамановтың хабарлауынша, "тергеу барысында істің қосымша егжей-тегейі белгілі болып, айыптау басқа бап бойынша қайта өзгертілген болатын". Нәтижесінде сот айыпталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабының, 3-тармағының "в" тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша қатаң режимде 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Нұрлан Әбдірамановтың айтуынша, сот үкімін бұздыру туралы шағым беру мерзімі әлі аяқталған жоқ, сондықтан да ол апелляцияға бере алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті