Бүгін Еңбекші аудандық сотында тоғызыншы сыныптың жеті оқушысы айыпталған бопсалау және тонауға қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Судья Светлана Шиналиева төртеуіне қатысты қылмыстық іс тараптардың келісуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлады. Ал қалған үшеуіне қатысты қылмыстық жаза қолданылды.
Басты айыпталушы екі жыл сынау мерзімімен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ал одан басқа екі қыз бір жыл сынақ мерзімімен 3 жылға жаза тағайындалды.
Бұрын хабарлағанымыздай, тоғызыншы сыныпта оқитын қыздар өздеріндей мектеп оқушыларын ұрып-соғып, олардан ақша талап еткені түсіріп алынған ұялы телефондардағы бейнетаспа прокуратура қолына жетуге байланысты тұтқындалған болатын.