Шымкентте үш мыңға жуық жер телімі заңсыз легализацияланған - Аймақаралық жер инспекциясы

Бастығының орынбасары Самат Сәрсенов кеше журналистерге хабарлады.

Оның айтуынша, Шымкентте үш мыңға жуық жер телімі заңсыз легализацияланған.

"Жерді заңдастыру процессін қалқа еткен алаяқтар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатқан", - деді С. Сәрсенов.

Жер инспекциясы қызметкерлерінің айтуынша, қала іргесіндегі Ынтымақ кентінде ауылшаруашылығы мақсатындағы 50 гектар жер жеке құрылыс салу мақсатында заңсыз басып алынған, ал Жиделі және Бозарық ауылдарының әрқайсысында 30 гектардан.

"Қазір бұл жерлерде білермендікпен жер басып алып, үй салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл оқиғаны қазір тоқтатпаса, салынған үйлерді бұзуға тура келген орман шаруашылығындағы жағдай қайталануы мүмкін. Бұл жерде үй салуға болмайды деп мен тағы да ескертемін, ал заңдастыру процессін пайдаланған алаяқтар міндетті түрде жазалануға тиіс", - деді С. Сәрсенов.

Қазір облыстық прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген заңдастыруды дұрыстығын тексеруде. Мамандар барлық заңсыз шешімдерді сот арқылы күшін жоятынына сенімді.