Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ойын мекемесінің күзетшісі мен ойыншының арасында төбелес шығып, ойыншы 48 жасар күзетшінің жүрегіне пышақ сұғып алған. Еркек оқиға болған жерде көз жұмды.
Полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны - қылмыс болған жерден ұялы телефоны табылған үлкен тәжірибелі ойыншыны құрықтады. Тергеу күдіктінің сол күні кешке ойын автоматында ірі көлемде ақшасын ұттырғанын анықтады.
Сұрақ алу барысында ұсталған азамат, өзінің бастапқыда бірнеше рет ұтылғанын, ал сосын ұта бастағандығын және де күзетшінің одан "табысының пайызын" талап еткендігін, соның салдарынан төбелес басталғандығын мәлімдеді.
Баспасөз қызметі қазіргі уақытта күдіктінің тергеу изоляторына қамалғандығын хабарлады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті