Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Құдайберген Әмірхан журналистерге Владимир Высоцкийдің ескерткіш тақтасы өзінің орнына қайтарылғандығын, ал саябақ дирекциясына тақтаны рәсімдеудегі "Тілдер туралы" заңды бұзу дерегін бір ай ішінде жоюға тапсырма берілгендігін хабарлады.
Бұрындары хабарлағанымыздай, 26-шілдеді Владимир Высоцкийдің ескерткіш тақтасы жергілікті билік өкілдерінің бұйрығымен алынып тасталған болатын, оған себеп ретінде "бұл саябақта 1970 жылы Владимир Высоцкий ән айтқан" деген мәтін бірінші орыс тілінде, екінші қазақ тілінде жазылғаны алға тартылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті