Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форум басталды

"Біз жеміс және көкөніс жеткізу, оларды өндіру және өңдеу, жылыжайлар салу мәселлерін талқылаймыз. Сондай-ақ, біздің қытайлық серіктестер түрлі шаруашылық салаларына, тіпті Шардарадағы балық питомнигінің базасында тұщы судағы асшаян өсіру секілді сан алуан салаларда инвестициялық қызығушылық танытуда", -деді "Оңтүстік" ӘКК директоры Асқар Мырзахметов.

Бүгін жалпы отырыс өтіп, оның барысында "Оңтүстік" ӘКК іс-қызметінің тұсаукесері өткізіледі. Сондай-ақ, "Қазақстандағы инвестицияларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау", "Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі Қытайдың 0 инвестицияялық тәжірибесі", "Батыс-Шығыс бағытындағы тьасымалдардың тиімділігін арттыру" атты сессиялар өтіп, Қытайдың бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланады.