Шымкентте "Южполиметалл" кәсіпорнында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Мекеме ақпаратына сәйкес, 19 -наурызда 3 сағат 57 минутта рафинация цехында биіктігі 2 метрлік электротермикалық пештің трансформаторы жанған. Жалын 500 шаршы метр аумаққа жайылды. Бірақ оттың ғимарат шатырына ден қоюына жол берілген жоқ.

Қазір оқыс оқиғаның себептері мен материалдық шығын көлемі есептелуде. Өрт 4 сағат 53 минутта шоғырландырылып, 6 сағат 4 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 46 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті