Шымкентте заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді. Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған», - деп жазды ведомстводан.

Қазір 42 пайыз құрылысы аяқталған нысан келер жылы пайдалануға берілмек.


Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ электромобиль құрастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Нұрсұлтан, Абылай, Дәурен есімді 3 жігіт «Beren motors» атты шағын кәсіпорын ашып, ескі көліктерден электромобиль жасауда.