Шымкентте зауыттағы өрттен күйген жұмысшы қайтыс болды

Облыстық Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі Илхам Төлеевтің Азаттыққа айтуынша, 1985 жылы туған, денесінің 95 пайызын күйік шалған азамат сағат түнгі 1-де көз жұмған. Оның сөзіне қарағанда, денесінің 35 пайызын күйік шалған екінші азаматтың жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Шымкенттегі "HILL Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағармай құю станцасында өрт 21 желтоқсанға қараған түні шыққан. Өрт салдарынан 1991 жылы туған жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған.

Бұған дейін 1985 жылы туған жұмысшы денесін 80 пайыз күйік шалып, 1967 жылы туған "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі денесін 30 пайыз күйік шалып ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.