Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар 5 қыркүйекте 06 сағат 39 минутта келіп жеткен. "16 шаршы метр аумақты шарпыған өртті өшірген кезде 55 жастағы әйел мен 33 жастағы жігіттің мәйіттері табылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өртті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі 14 адам мен 3 техниканың күшімен 07 сағат 22 минутта сөндірді.