Шымкентте жалған ақша жасаумен айналысқандар қамалды


«Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотымен 14.04.2015 ж. қылмыстық қудалау органдарымен адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған банкноттарын жасап, сақтап өткізді деген күдікпен азаматтар Қ.Ә. мен Г.М-ға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкциялар берілді. 

Сотқа ұсынылған іс материалдарынан күдіктілер Қ.Ә. мен Г.М. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Қ.Ә-ға тиесілі Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан пәтерінде «Epson» маркалы түрлі-түсті принтерін қолдана отырып, ҚР Ұлттық банкінің номиналы 2000 теңгелік купюрасының жалған банкноттарын қолдан жасап, сақтап өткізгені анықталды.

Қудалау органдарымен күдіктілерге Қазақстан Республикасы ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды», делінген хабарламада. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.