"Департамент қызметкерлері бюджетке төлейтін салықтан жалтару үшін жалған кәсіпорындар құрумен шұғылданған Шымкенттің екі тұрғынын ұстады. Ұйымдастырушының үйінде тінту жүргізген кезде мөр таңбалар, бухгалтерлік құжаттар, қолма-қол ақша жасаушы ұйымдардың салық есептері мен 12 млн теңге табылды", - делінген хабарламада.
Алдын-ала мәліметке сәйкес, ұсталғандардың кәсіпкерлер кірісін салық салынатын айналымнан шығару мақсатында қолма-қол ақшаға айналдыру фирмаларын құру әрекеттерінен мемлекетке 1 млрд 600 млн теңгенің шығыны келген.
Жалған кәсіпорындардың жетекшісінің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 192-бабы (жалған кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізулуде.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл департамент қызметкерлері жыл басынан бері анықтаған Шымкенттегі осындай жалған кәсіпорындар құрудың екінші оқиғасы. Бірінші оқиғада мемлекетке келген шығын көлемі 6 млрд теңгеге жетті.