Бүгін таңертеңгі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысына АИ-80 маркалы 1200 тонна жанармай жөнелтілген. "500 тоннасы Шымкенттің әр жерінде орналасқан 17 жанармай тарату бекетіне жіберілсе, 200 тоннасы Түркістанға жөнелтілді. Қалғаны цистернадан аударып құйылып, аудандарға таратылуда",- деді Қ.Қамбаров.
Қ.Қамбаровтың айтуынша, АИ-80 жанармайының 1 литрінің бағасы 65-тен 59 теңгеге дейін арзандады. Жанармай тарату бекеттеріне басқа маркалы жанармайлар мен дизельдік отын әзірге жеткізілген жоқ.
Қ.Қамбаров операторлар қажетті қаржыны дер кезінде өтеп жатыр, жанармай дұрыс жіберілуде , деп сендірді.