"Әл-Фараби аудандық ішкі істер органының қызметкерлері жанармай құю станцияларына қарулы шабуыл жасауға күдікті деп танылған 18 бен 23 жастағы екі жас жігітті, сондай-ақ, 27жастағы әйел мен 17 жасар бозбаланы тұтқындаған. Олар желтоқсан айынан қаңтар айына дейін шабуыл жасап келген", - деп хабарлады С. Қаракөзова.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық топтың қарулы шабуылдары біртектес болған. Жанармай құю станциясына бірінші әйел кірген, содан кейін оның серіктестері басып кіріп отырған. Шабуылдаушылар қарумен қорқыта отырып, жанармай құю қызметкерлерін ұрып-соғып, скотчымен байлап, ақшаларын әкетіп отырған.
Қамауға алынғандардың бірінен 16-шы калибрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.
Қазіргі уақытта тұтқындалғандар тергеу изоляторында қамауда жатыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179 бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әзірге күдіктілер үш дерек бойынша айыптарын мойындап, түсініктеме берді. Есептелген материалдық шығын - 300 мың теңге. Алайда, полиция қызметкерлері олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстары бар деп есептеп отыр.