Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, жанармай құю бекеттерінің көпшілігі түске таман өздерінің барлық тәуліктік қорларын сатып жіберуде. Жанармай құю бекеттерінде тек талонмен ғана, яғни, алдын ала төлем бойынша қызмет көрсету жиі кездесуде. Жанармай құю бекеттерінің иелері қазіргі уақытта бұрынғы деңгейдің тек ширегін алып отырғандарын айтып ақталуда.