Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті.
Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.