Шымкентте жаңа ықшам ауданның тұрғындары әлі жылусыз отыр

Бүгінгі таңда "Нұрсат" ықшам ауданында 78 көпқабатты үй қолдануға берілген. Онда тұрғындар 400 -ден астам пәтерді ипотека бойынша алған болатын. Алайда бір де бір үй жылу жүйесіне қосылмаған. Осыған дейін билік басшылары бұл мәселе насос стансасының іске қосылуға даяр еместігіне байланысты деп түсіндірген.

Осы кезде насос стансасы жөндеуден өтіп іске қосылған,-деп жауап берді Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық құрылыс бөлімінің орынбасары Қуандық Егембердиев.

"Дегенмен тұрғын үйді жылу жүйесіндегілер қабылдамай отыр. Өйткені олардың айтуынша, құрылысшылар өткен жылы тұрғын үйлердің бірінде арнайы тексеру жұмыстарын жүргізбепті,-деп түсіндірді ол. "Қазір беріп жатыр, енді қосамыз. Қылышын сүйретіп қыс та келді. Күтудің де шегі бар шығар",-дейді Қ. Егембердиев.

Шымкентте жылыту маусымы ресми түрде қарашаның 1-інен басталған. Бүгін түнде облыс орталығында қар жауып тұр. Ауа температурасы сынап бағанасы бойынша -1 -2 градусты көрсетуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті