Шымкент іргесіндегі айналма жолда Тараздан келе жатқан жолаушыға лық толы Мерседес Спринтер шағын автобусы жүк көлігімен соқтығысқан. 9 жолаушы сол жерде жан тапсырса, тағы 5-уі ауруханада бақилық болды. Қазір, жансақтау бөлімінде ауыр жарақатпен 3 азамат жатыр. Тағы екеуінің беті бері қараған. Десе де дәрігерлер барлығының жағдайы тұрақты ауыр дейді.
Loading...