Үйсіз қалдық деп, баспанадан үміттері енді үзілердей болған тұрғындар өз бақыттарына сене алмай тұр. Әкімдікте кілең шенеуніктер қолынан пәтер кілтін алғандар тіпті қорқыңқырап та тұрған секілді.
Роза Корчагина, Шымкент қаласының тұрғыны:
-Пәтерім түгел жанып кеткенде енді өмірім біткендей болған. Бірақ, шенеуніктер келіп, жаңа пәтерге ие боласыз деп басу айтып жүрді. Уәделерінде тұрды. Қуанышым қойныма сыймай тұр.
Дәл осы Роза Корчагина 20 желтоқсан күнгіжарылысқа кінәлі болуы мүмкін делінген еді. Кешкі 6-лар шамасында оның ас бөлмесінде газ жарылып, сол үйдегі 23 тұрғын бір сәтте баспанасыз қалған. Жартысы осы күнге дейін билік бөлген жатақханада тұрып келсе, қалғаны туыстарының үйін паналаған. Ал қираған үй толықтай сүріліп тасталды.
Қираған үйлердің маңынан әр тұрғынға бұрынғы пәтердің аумағындай баспаналар берілді. Әрине, су жаңа үйлерден емес. Бірақ оның өзі де хан сарайындай боп тұр.
Наталья Ватулина, Шымкент қаласының тұрғыны:
-Бұрынғы үйіміз каркас болатын. Ал мынау кірпіштен салынған екен. Алда шаруа бастан асып жатыр. Таяу күндері көшіп келіп, өзіме ұнайтындай етіп жөндеу жүргіземін әрі жаңа көршілермен танысу керек.
8 отбасы үшін әкімдік екіқабатты және төртқабатты үйлерден пәтер үлестірді. Ал тұрғындар 3 айға жетер-жетпес уақытта жаңа үйге кіреміз деп ойламаған да екен. Десе де, атқамінерлер үшін жұмыс мұнымен бітпейтін тәрізді. Себебі, ескі үйдегі жарылысқа кім кінәлі деген сұраққа әлі жауап жоқ.
Loading...