Шымкентте жас әйел 12-ші қабаттан секіріп кетті

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.    

Қайғылы жағдай Темірлан тас жолының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жас келіншек жоғарыға көтеріліп, өзін-өзі тастап жіберген. Оған тіпті жанында болған жас жігіт те көмектесе алмаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенімен, өмірін сақтап қала алмады. 

Қазір тәртіп сақшылары осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер бақилық болған келіншектің суйцид жасаған, жасамағанын  анықтайтын болады.