"Ұсталғандардың арасындағы ең кішісі алтыншы сынып оқушысы. Белгілі болғандай, ол мектептегі сабаққа өзінің "Фольксваген" маркалы көлігімен қатынап жүрген",- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, іс-шара барысында 14 - тен 17 жас аралағында кәмелеттік жасқа толмаған оннан астам жасөспірім ұсталған. Олардың көлікті жүргізу құқығын беретін құжеттарі болмаған. Ұсталған көліктер айыппұл тұрағына жеткізілді. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік шаралар қолданылуда.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында сондай-ақ заңсыз қару сақтауды анықтауға қатысты рейд жүргізілген. "13 - 17 жас аралығындағы үш жасөспірімнен бес электрмен жансыздандыру құралы табылып, тәркіленді. Олардың бірі бұзақылық жасағаны үшін ееспте тұр. Олар электрмен жансыздандыруды мектептегі балаларды қорқыту үшін қолданған", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің қызметкерлерінің хабарлауынша, "Жасөспірім" іс-шарасы 17-қыркүйек пен 9-қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген. Бұл шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында қылмыс жасау дерегін дер кезінде анықтап, алдын алу болып табылады.
Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың тоғыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер тарапынан немесе олардың қатысумен 274 қылмыс жасалынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті