Шымкентте жасөспірім суға батып кеткен

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жазатайым оқиға 2 мамырда Қаратау ауданы Қайтпас-1 шағынауданында болған. Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, 2007 жылы туған бала тереңдігі шамамен 2 метр болатын карьерге батып кеткен. Бұл оқиға туралы ақпарат 112-ге 2 мамырда сағат 14:45-те келіп түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 16.20-да батып кеткен жасөспірімнің денесін алып шыққан.

"Карьердің тереңдігі 1,5-2 метр болады. Бұл - адам батып кететіндей тереңдік. Тыйым салсақ та, тыйым салынған белгілер болса да, балалар онда жиі шомылуға барады. Қазір әкімдікпен осы карьердің мәселесін пысықтап жатырмыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллаевна.


Оқиғаның себебі нақтыланып жатқаны айтылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жұмыстарды Қаратау ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.