Шымкентте жаяужолды заңсыз басып алу дерегі бойынша 100 сот шағымы жасалды

Территорияны заңсыз иемденген кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы жаяужолды заңсыз тұрғызылған ғимарттар мен құрылыс нысандарынан ажыратып алу мақсатында жүргізілген "Жаяужол" науқаны барысында сотқа шағым жасалды.

"Жаяужолдардың қалаға тиесілі екеніне ешкім күмән келтірмейді, бірақ біз заңсыз салынған құрылыстарды қирата алмаймыз",- дейді қала сәулеті бас жобасы бөлімінің бастығы Есболай Жанбатыров. Ол үшін бізде қирату туралы сот қаулысы болуы керек".

Е. Жанбатыровтың айтуынша, кәсіпкерлер дүкен, қоғамдық тамақтану мекемелерін ашып, жаяужолдың бір- бір жарым метрге дейінгі бөлігін иемденіп алған. "Өкінішке орай сот шешіміне қарамастан, әзірге бірде бір кәсіпкер заңсыз салынған ғимаратты босатқан жоқ",- дейді Е. Жанбатыров.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті