Шымкентте жазасын өтеушілер жұртты шетелдің тауарын алмауға үгіттеуде

Еркіндіктегідей алаяқтық жасау, жұмыс орнынан зат ұрлау немесе пара беру бұл цехта мүмкін емес. Мұның бәрі бұлар үшін темір тордың сыртында қалған. Керісінше әрқайсысы өздеріне сеніп тапсырылған құралдармен барын салып тер төгуде.

Данияр Юлдашев, жазасын өтеуші:

-2013-тің қараша айынан бастап жұмыс істеймін макаронный цехта. 8 сағат жұмыс болады. Сол 8 сағатта 200-300 келі макарон шығарамыз. Бұларды кептіріп-қаптап түзеу мекемелеріне жіберіп отырамыз.

Бірі есік-терезе жасаудың шебері, енді бірі киім тігіп, көрпе-төсек жасаудың қыр-сырын меңгеріпті. Үйренемін дегендерге түрме ішінен курстар да ашылған. Тіпті, сырттан тапсырыс та қабылдайды. Тек сенім білдіретіндер жоқтың қасы. Сондықтан түрме әкімшілігі мен жазасын өтеушілер бірігіп, кәсіпкерлерді тартудың амалын тапты. Мұнда жасалған кез-келген бұйым бостандықта шығарылған тауардан 3 есе арзан екен.

Бақытжан Қуандықов, ОҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

-Үкімет тарапынан бізге тапсырыс берсе, мен осы департамент бастығы атынан айтайын, ешқандайда тапсырыс  орындай алмай қалу деген мәселе болмайды. Біз оны орындап, мерзімінде  барлығын өткіземіз.

Бүгінгі түрме ішіндегі көрмеге келген кәсіпкерлерде жазасын өтеушілердің жасаған дүниесіне тәнті болды. Бәріне бағасы ұнап отыр.

Нұркен Төлендиев, кәсіпкер:

-Соның ішінде біз көріп өттік, металл жасау цехы, және мынау шлакоблок және күйген кірпіш құю цехы және мебель жасап шығару цехтары қатты ұнады.

Түрме цехтарында жұмыс күші де, жұмыс орны да жеткілікті. Басшыдан бастап жазасын өтеушілерге дейін кез-келген жұмысқа қуанамыз дейді. Олар, әсіресе, мемлекеттік тапсырыс түссе екен деп тілеп отыр. 

Loading...