Caravan Logo

Шымкентте жер сату жөніндегі аукциондар қатысушылардың жоқтығынан өтпей қалуда

Шымкентте жер сату жөніндегі аукциондар қатысушылардың жоқтығынан өтпей қалуда

Қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, қазандағы аукционға бар-жоғы екі адам қатысқан, гаражға арналған бір ғана жер телімі 450 мың теңгеге сатылды. Оның алдындағы бес аукционға бірлі-жарым ғана қатысушылар болғандықтан, бір де сауда-саттық рәсімделмеген.