Шымкентте жер үйдің маңында бомба жарамын деп қоқан-лоққы көрсеткен тұрғын құрықталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні болған. Ішімдікке сылқия тойып алған 44 жастағы еркек таныс келіншектің үйіне барып, сыртқа шығуын талап еткен.

Келіншектің анасымен келісе алмай қалған соң қалтасынан жарылғыш зат шығарып қорқыта бастаған көрінеді.

Абырой болғанда, іздеген адамының үйде жоқтығына көзі жеткен еркек гранатаны сол жерге тастап кетіп қалған. Содан соң әйел полицияға хабар беріпті.

«Арлан» жасағы оның оқу-жаттығуға арналған Ф-1 гранатасы екенін анықтады.


Күдіктінің айтуынша, ол жарылғыш затты қоқыс жәшігінен тауып алған. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.