Шымкентте жер үйдің шатырынан Ф-1 гранаталары салынған дорба табылды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сөмке Байдұқов көшесіндегі жер үйдің шатырын жөндеу жұмыстары кезінде табылған.

Дорбадан екі Ф-1 гранатасы, 16-калибрлі 10 оқтың гильзасы, біз бен тапанша салатын қап табылды. Сараптама нәтижесінде гранаталардың оқу-жаттығуға арналғаны белгілі болды.

Қазір табылған заттың қайдан шыққаны анықталып жатыр.