Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Шымкент тұрғынын "Фосфор" мәдениет сарайының жанында цезий-137 радиоктивті материалы бар құтыны 1,5 млн теңгеге сатып тұрған жерінен құрықтаған.
"16-маусымда құтының иесі Шымкентке сатудан түскен 1 млн 250 мың теңгені алу үшін келген, ол ақша алу үстінде ұсталды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ұсталған екеудің - радиоактивті материалды тасымалдаушы мен сатушының - үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-тармағы бойынша (радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді, тергеу жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті