Шымкентте жеті жасөспірім полицияның 2 қызметкерін соққыға жықты

Баспасөз хатшысының айтуынша арасында екі қыз бар жеті жасөспірім орталықтан қашуды ұйымдастырып, назар аударту үшін өзара төбелскен. "Сосын олар шуға келген екі инспекторды - бір әйел, бір еркекті металл затпен жарақаттаған", - деді С. Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 38 жастағы инспектордың жағдайы ауыр: омыртқасы зақымданған. Әйел адам ауыр жарақат алмаған.

С. Қаракөзова алты жасөспірім сол күні, соңғысы келер күні қамауға алынғанын хабарлады.

Аталмыш оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.