Шымкентте жетім балалар өздерін асырап алулары мүмкін ата-аналармен танысты

«Біз осындай акцияны үшінші рет өткізіп отырмыз. Былтырғы жыл қорытындысында 14 бала патронаттық тәрбиеге алынды», - деп ОҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Әлия Биболова бейсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған акция ең проблемалы жас – 8 бен 18 аралығындағы жастар үшін отбасын табуға көмектеседі.

«Сәбилерді алуға кезекке тұрады, ал ересек балаларды отбасына алуға екінің бірі бара бермейді», - дейді 50 жылдың педагогикалық стажы бар Екатерина Жукова. Бұл үшін, оның пікірінше, балалардың өздлері үшін де, оларды үйлеріне алатын ата-аналарға да әлеуметтік оқытудан өткізу жүйесін дамыту керек. Бұған акция көмектеседі.

«Балалар үйінің түлектері жаз бойына осы лагерде өткізеді. Болашақ ата-аналар осы лагерге келіп, бір-бірімен танысып, сұхбаттаса алады», - дейді Е. Жукова.

Облыстық білім басқармасының мәліметтерінше, бүгіндері алты балалар үйінде 509 бала тәрбиленуде. Ода басқа, 2 мың 352 жетім тустарының қамқорлығы мен қамқоршылдық тәрбиеде жүр.