Шымкентте жеткіншекті зорлады деген күдікті екі айға қамалды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Судьяның сөзінше, 1985 жылы туған күдіктіні қамауға алу туралы санкция берілген.

«Күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") іс қозғалды. Оны екі айға қамауға алу туралы санкция берілді. Сот жабық өтті»,- дейді Данияр Мадемаров.

Еске салайық, екі күн бұрын қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған балаға зорлық жасаған әрекеті әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Кейіннен өңірдің  полицейлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерге тараған бейнетүсірілім бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік гранттың онды-солды таратылып жатқанын жария қылған ұстаз іске құзырлы органдар араласуын қалайды

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасамақшы