Шымкентте жігіт әйелі мен анасын өлтіріп, әкесіне пышақ ала жүгірген

Оңтүстік Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны анасы мен әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Today.kz.

Ауылдастарының сөзінше, жігіт бірнеше жыл бұрын істі болған. Бірінші әйелімен дәм-тұзы жараспаған соң, екінші рет үйленген. 

Ауылдастарының айтуынша, ол әйелін аяусыз өлтірген соң, далаға қашып шыққан анасына пышақ салған. Әйел қан жоғалтып қайтыс болды. Жігіт енді әкесін өлтірмек болып жүгіргенде көршілері араша түскен. 

Полиция болған оқиғаға қатысты ресми түрде пікір білдірген жоқ.